Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  309


Автор: Мұрат Бекей

АДАМ МЕН ƏЛЕМ

Тағдырын жасар қолдан кім?
Жасап алардай болғанмын.
Санамда сансыз сілемі
Мен жүріп өткен жолдардың.

Бейтаныс маған бар үннен,
Жаныма етіп сарынды ем.
Сексеуіліме мұң шағып,
Сырластым сұлу сағыммен.

Өмірден аршы көп қатпар,
Кеудеңнен ақтар отты ақпар.
Жетелейді екен пендені
Мұнарға сіңер соқпақтар.

Атқанмен тағдыр таңдары,
Күйбеңнен аспай бар қамың.
Қарсы алады екен самарқау
Бейтаныс қырдың ар жағы.

Көктерге нұрлар зерлеген,
Дегенмен қиял өрлеген.
Жол тауып,кейде адасып
Келемін жүріп Жерменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу