Өлеңдер ✍️

  13.06.2021
  44


Автор: Мұрат Бекей

ІНІМЕ

Мықты екен деп ойлама,
Мына жалтақ ағаңды.
Сыр ашайын жай ғана,
Білемін өз шамамды.

Көкбөріше "ұлысам",
Айдалада Абай қап.
Шенділерге жұғысам,
Аулап көңіл,абайлап.

Дақпыртыңа жүрегім,
Жақын,білсең,біртабан.
Сенім үшін жүремін
Гүл терген боп қырқадан.

Айуандарды адам деп,
Сынағанды надан деп.
Көз алдыңда көкісем,
Сене берме маған көп.

Әлдекімді жақын деп,
Халтурщикті ақын деп.
Жүргенді арың алдында
Пір тұтуға қақың жоқ.

Міне ағаңның күресі,
Міне ағаңның білгені.
Өтірік-ау ,сірә ,осы
Өмір сүріп жүргені.

Жас күнінен бұл ағаң
Тамыр жайған жалғанға.
Сенен ,шырақ,сұранам:
Өзге шыңды арманда.

Айдалаға ұлымай,
Сақта есіңде мұны ұдай.
Біздерді сен білмейсің,
Ай,інім-ай,інім-ай...


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы