Өлеңдер ✍️

  11.06.2021
  7289


Автор: Ілияс Жансүгіров

Жазғытұрым

Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды: жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған,
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты.
Егіндерін жыртьшты.
Ой, балалар, балалар.
Ойналык та күлелік,
Қос басына мінелік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Жай
Жай 11.02.2024 12:06
Бұл не қазақшаға аудара алмаймыз ғой
Гульнара
Гульнара 29.01.2024 20:38
Маган осы олен катты унайды жаттаугада ынгайлы айтуга да онай! Жалпы осындай олендеры бар екенын катты куанамын!!Олендеры умытпай жаттап журейык достар!❤️❤️??

Пікір жазу