11.06.2021
  6558


Автор: 18+ жас

«Ынтығып келіп, үстіңе еркек шыққанда…» Ұятсыз ақын кім екен?

Бүгінгі күні қазақ қызының хал-аухалы жайында аз айтылып жатқан жоқ.

Сауна, қонақ үй, түнгі клубтарда тәнін саудалап жүрген қазақ қызы, негр мен арабқа, түрік пен үндіске, кәріс пен қытайға тиіп жатқан, солардың құмарын қандырып жүрген қазақ қызы, арақ ішіп, темекі тартып, ләйліп жүрген қазақ қызы, жігіті мен күйеуінің көзіне шөп салып, той-томалақта бұтын көтеріп, масқара болып жатқан қазақ қызы…

Иә, бүгінгі қоғамда қазақ қызының жүріс-тұрысы көөөп әңгімеге арқау болуда.

Тіпті, с е к с пен и н т и м тақырыбы поэзияға да көшкен сыңайлы.
Кей ақындарымыз ұятты жиып қойып, төсек қатынасы жөнінде «ынтық» өлеңдер жазуда:

«Ерін мен ерін шайқаспағасын,
Жадырап жаның жай таппағансын.
Қараңғы түнде қара тер болып,
Аяқ пен аяқ айқаспағасын.

…Ынтығып келіп, үстіңе еркек шыққанда,

аймалап жатып, ләззат шырынын жұтқанда.

Ойласаң егер, әлемде мынау не жетсін,

Астында еркектің ай-ой, ух деп жатқанға…

Иә, тура осы өлеңсымақ қазір көрінгеннің «Ватцабында» жүр. Бұл аз десеңіз, мынаны оқыңыз:
«Шәйі көрпе шытыр-шытыр етеді,
Шайыр төсек сықыр-сықыр етеді.
«Келші жаным, кел тағы да» дейсің сен,
«Болды» деймін, «жоқ, осы да жетеді».
Бірде майып, бірде жеңіп-ұтамыз,
Бар бұлақтың балын бірге жұтамыз.
Алқын-жұлқын, бөрі тартқан тулақтай,
Айдалада қалған шығар лыпамыз.
Сезім — сері,
Көңіл де — тоқ,
Серт – егіз,
Ерке бала сияқтымыз, Ерке қыз.
Бұла күштің бұлқынысы шыдатпай,
Белден төмен сырғып кетті көрпеміз.
Көрікті сөз төгіледі кесте боп,
Ләззаттардың лағыл тасын тескен оқ.
Сен емініп,
Мен езіліп жатқанбыз,
О, құдірет…
Арғы жағы есте жоқ...».

Ал ендеше! Сіз бұған не дейсіз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу