Өлеңдер ✍️

  10.06.2021
  172


Автор: Ілияс Жансүгіров

Не күйде

Ылғал тұман шағында,
Құздардан жауын сырылдап,
Қиядан сорғалауында...
Самалшыл, сауқым, сауықшыл,
Саятшы Сартай не күйде?
Теңіз көшкен дауылда,
Асты терең, үсті жел,
Толқын соқты баурында...
Балтыры ақ жем балықшы,
Қайықшы Қалтай не күйде?
Дай-дай даукес ауылда,
Жесір, намыс тартыстың
Үзілмес ұзын дауыңда,
Жаралы жүрек, жарымшыл,
Мұңды Күнтай не күйде?
Жөңкенің таз тауында...
Қымызшылға қызық боп,
Күндіз-түні сауында...
Жалсыз арық, желін сау,
Мана көнек не күйде?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу