Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  185


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Жалтақбай

Қиынырақ жұмыс көрсе бұлт етіп,
Жататындар қашатындар бар әлі,
Көзге іліксе, қолға түссе гүрс етіп,
Жығылғыш та, ауырғыш та болады.
Соның бірі,
Отыр міне,
Жатып ішер Жалтақбай,
Іс қауырт,
Шықпай сыртқа,
Түсе қалғыш қалпақтай,
Келіншегін,
Басталса егін,
Жұмсайды да ораққа.
Күбі пісіп,
Айран ішіп,
Аузы диірмен тартады.
Ішіп-жеуге, араққа,
Қиын істен жаны шыға қорқады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу