Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  150


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Есіл жігіт

Бір жігітсің әйелден салуың жоқ,
Береке жоқ, дүниені табуың көп.
Бүтін көйлек үстіңе бір түспеді,
Көйлек кисең ия жағаң, шабуың жоқ,
Астыңдағы көрпеңнің астарымен,
Түсіп жатыр мақтасы қабуы жоқ.
Жарылғанда жастығы желге ұшып жүр,
Есіл жігіт қор болды-ау, бағуы жоқ...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу