Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  134


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

А...-ға

Еркелей ме немене шолжақ па өзі,
Ақылды адам сонымен болмақ па өзі.
Насыбайды ерніне қысып алып,
Жәдігөйсіп, күлгірсіп сол жақ көзі...
Күмпілдейді гуілдеп жыртылғанша,
Он ауызға тұрмастай он қап сөзі,
Берекесіз бейшара қартайғанша,
Басылмай-ақ бір қойды қылжаң көзі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу