Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  157


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Н... келінге

Күнде үйіңнен шығасың ширатылып,
Қалсын дүниең бәрі бір қиратылып.
Қазаныңның қақпағын итің жалап,
Қасықтарың, жатады қиға асылып...
Алақандай бетіңді уқалаумен,
Төсегіңе жатасың күн батырып.
Көкірекше, көйлегің салтақ-салтақ,
Жылы өтекке көрмеген бір басылып.
* * *
Ертеңгісін тұрасың мыж-мыж болып,
Түс кезінде шығасың бір қыз болып...
Кешке жақын келесің қаз қалпыңа,
Қыз дәуірің тек ғана күндіз болып...
Сезбейсің соныңды келін осы,
Сенетінің кім ылғи сенің осы?..
Құр сылпыңды әуес қып жүре бермей,
Я әрі боп, болмаса бері болшы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу