Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  128


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Кейбір басшы жолдастар

Кейбір басшы жолдас бар,
Қалтасы толған жөн - жоспар.
Үйден шықса бөтенге,
Ақыл айта келеді.
Ежірейтіп көздерін,
Бақырайта келеді:
— Орындық пен үйіңде,
Стол жоқ! — деп сөгеді.
Өз үйінде еденге,
Сорпа-суын төгеді.
Құрып алып малдасын,
Үстін-үстін бақырып,
Ауылдағы жолдасын,
Телефонға шақырып:
— Жерге отыру дегенді,
Жетті мезгіл қоятын.
Қолмен тамақ жегенді,
Жетті мезгіл жоятын.
Мәдениетті болсын деп,
Күнде айтамыз апыр-ау.
Үй кітапқа толсын деп,
Айтпап па едік батыр-ау?
Дегенде оның лебінен,
От шығады лапылдап.
"Айттым бітті" деді мен
Ақыруға ақылды - ақ.
Өз үйінде бірі жоқ:
Газет, кітап, журналдан.
Ондайға түк қыры жоқ.
Бәрінен де құр қалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу