Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  103


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Уәкіл мен Жәркебай

Уәкіл:
Барды жинап ұқыптап,
Неге дұрыс ұстау жоқ?
Жәркебай:
Бар нәрсеге қарауыл
Қойсын деген нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Басқармалар фермаға
Неге басын сұққан жоқ ?
Жәркебай:
Күнде сонда отыр деп,
Келген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Жайлауға да бармапсың,
Дейді: ауылдан шыққан жоқ.
Жәркебай:
Жалғыз өзің шаба бер
Деген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Жолда көпір қирапты,
Оған неге шпал жоқ ?
Жәркебай:
Шпал тауып көпір сал
Деген бізге нұсқау жоқ.
Уәкіл:
Қағаздан сүт тамбайды,
Бүйте берсек сүт түгіл,
Сиырдан түк қалмайды.
Председатель:
Тамызасың, табасың,
Пішенді де шабасың,
Күндіз-түні бағасың,
Литр - литр сүт болсын.
Тұла бойы құт болсын, —
Дейді даусы қатайып,
"Жаңаталап "колхозы,
Председатель Матаев...
Аты-жөнін жасырмай,
Анықтап-ақ атайық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу