Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  147


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Ақымақтың "ақылы"

Кеше өлгенше ішіпті,
Көзімді ісіріпті,
Бетке таңба түсіріпті,
Ұрты салбырап тұр,
Терісі жалбырап тұр
Көйлек те жыртылыпты,
Бір жеңі қырқылыпты.
Ұртын ұстаса мұртым жоқ,
Мұртын сипаса ұрты жоқ.
Кеше алған айлығын,
Көрсетем деп байлығын,
Шашыпты да, төгіпті,
Көрінгенді сөгіпті,
Теуіп, ұрыпты,
Жығылыпты, тұрыпты,
Қалтада тиыны жоқ,
Үйде сау бұйымы жоқ,
Бәрін де сындырыпты.
Бәрін де тындырыпты.
Есімде бірі жоқ,
Енді мәселе ірі боп,
Отырғаны мынау...
— Ойпырым-ау!
Сұмдық екен, — дей береді,
Өйткені,
Ақымақтың ақылы
Түстен кейін енеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу