Өлеңдер ✍️

  08.06.2021
  214


Автор: Асқар Тоқмағамбетов

Алимент

Қиылған қиғаш қас қандай,
Қап-қара шаш қандай.
Келісті жігіт, тым кербез,
Мінезі жұмсақ мақпалдай.
Қайқита шашын таранып,
Сиқырлы көзбен қаранып,
Маң-маң басып алдымнан,
Кез келе кетті Самалық.
— Аман ба, жолдас Самалық?
Жүр ойынға баралық!
— Жоқ бармаймын...
О, неге?
Оқиға болды жаңалық.
Кез келген қызға хат бердім,
Оны өзіме бақ көрдім.
"Алам " деп алдап бес-он күн,
Қыдырғанға шат болдым.
Галстук жібек тағынып,
Иіс май - әтір жағынып,
Сәнденіп тұр ем бір күні,
"Сүйгенімді" сағынып.
"Шақыру қағаз "қолында,
"Заң бар солай, орында "
Амалсыз алдым қол қойып,
Ойлаймын "дау жоқ " соңымда.
— Шақырыпты сот не деп?
Қылмысың бар ма, айта кет?
Тұрып-тұрып айтқаны:
— Төлейтін бопты алимент!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу