07.06.2021
  479


Автор: Жібек Ысқақова

АНА СҮТІН АҚТАМАҒАН ҰЛ

Бірінші бөлім
                       авторы:Жібек Искакова
  
                Ана сүтін ақтамаған ұл!
        

Мен оқиға жазайын есте қалған,
Ана көңлі ұлы үшін күйіп-жанған.
Оқып едім бұрындары бір газеттен,
Анамыздың жанарынан жасы тамған.

Қыс айы. Айнала суық. Боран, ызғар,
Тайғанақтап жүре алмайсың қатқан мұздан.
Анамыздың жан-жары жатулы екен,
Ауыратын, бітердей болып тұзы мен дәм.

Үйдің іші суып кетті, көмірде жоқ,
Қызының бірі бесікте,  бірі екіде.
Күйеуі жатыр қиналып ауырудан,
Ауырудың ырғағымен тербетіле!

Ана шіркін не істейді, амал қандай,
Далаға  шықты елеңдеп, жан шығардай.
Отын іздеп кезіп кетті ай далаға,
Уайымдаумен күйеуін құты қалмай!

Дала кезіп әкелді отынды да,
Үйге кірді алаңдаумен жан ұшыра.
Келсе үйіне қыздары жылап жатыр,
Ал күйеуі қозғалмайды, қалды тына.

Анамыздың жүрегі соқты қатты,
Іштей күйіп, мұңайып жылап жатты.
Күйеуіне басын қойып, бар даусымен,
"Неге", "неге" деп қана сұрап жатты?!

Қыздары да бір жақтан шырылдайды,
Сезгендейін үйдегі мына жайды.
Анамыздың жанары жасқа толып,
Өксік кернеп өзегін, тоқтамайды.

Анамыз шықты жүгіріп көрші үйге,
Қайнағасы тұрады, көрші үйде.
Барса үйіне, шәй ішіп отыр екен,
Уайымы жоқ, қайғысы да ешбір мүлде.

Қайнағасы ауқатты, байлығы бар,
Жүріп тұрған жұмысы, айлығы бар.
Бірақ-тағы жүрегінде мейрімі жоқ,
Ал үйінің ішінде жайлығы бар.

Абысыны тасжүрек, мейірімсіз,
Отыр екен шәй ішіп, екеуі үнсіз.
Жылап келіп Анамыз осы үйге,
Айтып салды тұрды да біраз үнсіз!

"Аға-жеңше маған қарай қараңыз,
Қалдық біздер отағасыз, панасыз."
Деп айтты да, жоқтау айтып жылады,
Қалғандай боп, қол байлаулы, шарасыз!

Қайнағасы отырды да: "не дейін?"
"Мен не істеймін"-"тірілтемін демеймін".
Деп айтты да, шәйін ішті асықпай,
Дегендейін, "мен ештеме бермеймін!".

Абысыны үнсіз отыр, не десін,
Қайнағасы жаңағыдай дегесін.
Үйіне кеп Анамыз үнсіз жылады,
Құшағына алып күйеу - денесін!

Осылайша уақытта өтті тоқтамай,
Қиын күндер үсті, үстіне тарқамай.
Қайнағадан сол күйі хабар, ошар жоқ,
Өзі жүрді, Анамыз бәрін арқалай!

Күндер өтіп, қырқыда келді, күн жетіп,
Сын сағаттар саябырсып, түрлі етіп.
Қарап қалса қайнағасы жүр екен,
Шығындарын өзі төлеп, гүлді етіп.

Қайнағасы осында жүр, таң болды,
Не ойларын білмей тағы дал болды.
Жиын өтті көзді ашып жұмғанша,
Қарағанша ақырындап оң, солды...

ЕКІНШІ БӨЛІМ
             

Солай күндер өте берді біршама,
Анамыздың жанарынан жас тама.
Жиналып келді ауылдың үлкен жандары,
Ішіндегі әңгімені ақтара.

Ау келінжан, жалғасады бұл өмір,
Дақ түспесін, тыныш болсын бұл көңіл.
Қыздарың бар, жайын ойла қарағым,
Қайнағаңдай қарамас ешкім бірде бір.

Не айтарын білмей қалды Анамыз,
Тыныш болып қалғандайын дала үнсіз.
Қайнағасы бастады сөзін жәйменен,
Менде жүрмін, жалғыз болып баласыз.

Ажырастым, бізде бала болмады,
Бұл қыздарға әке болсам болғаны.
Бір болайық, жағдайды да жасаймын,
Сендермен керек, отбасы орны толғаны.

Көп ойланды Анамыз, білмей не істерін,
Жағдайы жоқ, ойлау керек ертеңін.
Амалсыздан келісті тұрмыс құруға,
Ойласада өмір болмас жеп-жеңіл!

Сонымен солай, өтіп жатты күндерде,
Қайнағасы жүр қыздарды тербете.
Еркелетіп қояды, ойнап қыздармен,
Бар жараны ақ пейілмен емдете!

Бақытты болды Анамыз, шүкір, шүкір деп,
Іштей ғана дұға жасап күпірлеп.
Осылайша бақытты күндер жалғасты,
Ұмытқандай қиындықты біртіндеп.

Жүкті болды Анамыз бірде  қуанып,
Ұлды болды, өмірлері сырланып.
Күйеуі де, бақытты болды расымен,
Ұрпағының жалғасына жыр тағып.

Солай, солай айлар өтіп, жыл кетті,
Әлгі күйеу өзгеретін кез жетті.
Қыздарына өгейлікпен қарайлап,
Жекіп ұрсар, айқайлайтын күн жетті.

Еркелетер жалғыз ұлын тек қана,
Асты үстіне түсіп, жақтап бір ғана.
Ал қыздары жылаудан көз ашпады,
Көздерінен  тоқтамай еш жас тама.

Әлгі бала өсті сұмдық бұзық боп,
Мейрімсіз боп, жақсы болу күдік боп.
Қыздарға да тиіседі себепсіз,
Отбасында бірінші өзі, ұлық боп.

Бір күндері Қытайдан келді қонақтар,
Құда түсіп үлкен қызға, сұранып.
Ақшасыда көп болды берер құданың,
Күйеуінің жасағаны ұрланып.

Келіспеді, қыз көңілі жоқ еді,
Әкелері өгейлеткен соры еді.
Бөлмесіне кіріп алып үлкен қыз,
Қол жұмсады өз өзіне, қор еді.

Осылайша бір қыз кетті өмірден,
Анамыздың жүрегі жылап жоқтады.
Ал құдалар кетпейміз, "қыз қайда?"- деп,
Сұрай берді, ауыздарын жаппады.

Қытайлықтан ақшасын алып қойған,
"Қыз берем"- деп, сырғасын салып қойған.
Беретін қыз, қарсы болып, өлім құшты,
Қытайлықпен бас тартып, болар  тойдан.

Бір қызынан айрылған соң бұл әке,
"Екіншісін берем"- деді үндете.
Шақырды қызын: "сен барасың енді"- деп,
Қытайлардың бесігін үнсіз тербете.

Екінші қызы әпкесімен шамаластай,
Әпкесіндей өлімге ол бара алмастай.
Іштей  ғана үнсіз жылап кете барды,
Әкесінің шешіміне араласпай.

Байғұс Ана  шырылдайды қамығып,
Бұл тағдырдың салғанына бағынып.
Екі қызын сағынады, іздейді,
Бірде жылап, бірде құлап, шалынып.

Бір қызымды Алла алды, айрылдым,
Бір қызымды Қытай алды, қайғырдым.
Ұлымның түрі мынау өсті безбүйрек,
Жандүниемді жаулап алып қайғы-мұң.

Дәл осылай жылай берді күн сайын,
Жегідей жеп, іштен қажап бар уайым.
Білмей  жүрді  есенгіреп Анамыз,
Есі шығып, өтіп жатқан күн, айын.

ҮШІНШІ  БӨЛІМ
              

Осылайша күндер өтті зуылдап,
Күйеуіде көз жұмады ауырып.
Ұлы екеуі қалады үйде тек қана,
Ана шіркін қыздарын тек сағынып.

Ұлы болса сыртынан үйді сатады,
Байлыққа да, алтынға да батады.
Анасына қарамайды қайрылып,
Мейрімсіз ұлда қасиет жоқ аталы.

Таңертең тұрса Анамыздың үйінде,
Басқа адамдар көшіп-қонып жатқандай.
Біздің үй бұл, ұлыңыз сатты біздерге,
Деп адамдар Анаға тіл қатқандай.

Мең-зең болған жан Анамыз жылады,
Жардан тағы оңбастайын құлады.
Бірінші  күйеу қабыріне  барып ап,
Бұл өмірден түңіліп, бірден сұлады.

Әрі қарай естен танған Ананы,
Ауруханаға біреулер алып барады.
Барар жері жоқтығын білген дәрігер,
Қарттар үйін Анамызға табады.

Осылайша Анамыз қарттар үйінде,
Ұлы болса білмейді Ана күйінде.
Терезеге телмірген жан Ананы,
Іздеп келер жан барма екен өмірде?

Осылайша терезені күзеткен,
Жан Ананы қуантты дауыс, дір еткен.
Анашым-ау, сізді әрең таптым деп,
Қытайдан қызы келген еді есіктен.

Анамыздың көздері жасқа толғандай,
Пәк көңілі гүлдей болып солғандай.
Қызын көріп, "Апа"-деген үнінен,
Қуаныштан жасап тағы қалғандай.

Қыз жылады, "Апа сізге не болды?"
Ұлың қайда, сүрдіңбе өмірді бекер-ді.
"Уайымдадым мен өзіңді алыста,
Кешір Апа, мен жасаған қатемді!"

Жо-жоқ қызым, олай деме, сен келдің,
Қуаныш пен бұл апаңа дем бердің.
Ұлдың жайын сұрамағын, айтпаймын,
Ақ сүтімді кешпеймін, тіл қатпаймын.

Осылайша Анамыз біраз жылады,
Ішіндегі дертін айтып қызына.
Көңлі қалып ұлына мүлде Анамыз,
Түсіндірді қызына жайды ұғына.

Қызы айтады: мен табам әлгі ұлыңды,
Жан Анашым бұрыс деме бұнымды.
Әкелемін алдыңа оны Анашым,
Білесің ғой мына менің сырымды.

Жо-жоқ қызым, керек емес әкелме,
Сөйлеспеймін мен онымен бекерге.
Ақ сүтімді ақтамаған ұлымды,
Көрместей боп бұл өмірден кетемде.

Деп осылай Анамыз жатып ұйықтады,
Ішкі дерті кеткендей болды бір шама.
Қызы болса бауырын іздеп шықты тек,
Қиындықтар көрсе-дағы қаншама.

Бауырына өкпелі қыз, іште мұң,
Кеткендейін жоқ болып оған көкте күн.
Қараңғылық жаулап алып санасын,
Ұмытты ма дейді оған өткенін.

Дәл осылай іштей ойлап  келеді,
Қыз жанашыр, жақсылыққа сенеді.
Барлық ойы, інсін тауып апару,
Анасына, қуаныш, шаттық берері.

Сұрай, сұрай інісін де табады,
Болса-дағы жандүниесі жаралы.
Қоңырауын басып еді, ар жақтан,
Орысшалап бір әйел шықты қаралы.

-Сіз кімсіз, айтыңыз сізге кім керек?
Біздің үйде барлығы да өзгерек.
Танымадым, мен сізді қане кетіңіз,
Жәймен ғана, қиындық көрмей ертерек.



ТӨРТІНШІ  БӨЛІМ
               
-Маған керек, Айбол атты бауырым,
Ұмыт еткен туыс, туған қауымын.
Менің ісім бауырымда, аулақ бол,
Қарсы келген адамдардың жауымын.

Түсіндіме, қазақшаны әйтеуір,
Әлгі әйел: "мұнда жоқ"-деп тіл қатты.
Айбол кетті жұмысына барыңыз,
Сөйлесерсіз жұмысында жан-жақты.

Жұмысының мекен-жайын алып ап,
Жұмысына қадам басты адымдап.
Дүрсіл қағып жүрегі үнсіз жылайды,
"Бауырым-ау, мұның не?"-деп, барымдап.

Кабинетке келді де, есік ұрып тұр,
Бар көңілін, сағынышын біліп тұр.
Ар жағынан бауыры сөйлеп жатқанда,
Әпкетайы іштей жылап, тынып тұр.

Сол мезетте есін жиды тезірек,
Бауырына беттеп келді есіктен.
-"Танымадым, сіз кімсіз?"- деді бауыры,
Бұзық болған шықпай жатып бесіктен.

Келді-дағы бетінен ұрды Айболдың,
-"Жарайсың сен, тәрбиеңе сай болдың!
Бұның не сенің, не істеп жүрсің айтшы сен,
Таңдадың ба қатыгездіктің бай жолын!"

Түсінбеген Айбол мінді ашуға,
-Сіз кімсіз мені сөгетіндей айтыңыз.
Әрең шыдап отырмын сізді сыйлап мен,
Айтыңыз да, үйіңізге қайтыңыз!

-Мен әпкеңмін,  Қытайға кеткен сол жылдар,
Қайғы менен мұңдарым көп қол бұлғар.
Анамыз қайда, қарамайсың неге сен?
Осыншама тасжүрекпе ең таң қылар?!

-Мен андамын, уайымдап біттім барлығын,
Қорлықпенен өтті менің әр күнім.
Әттеген-ай, саған сеніп кетіп ем,
"Анашыма сыйлар"- деп бақыт, байлығын!

Неткен жансың, Анасын қорлап, мұңды етер?!
Өзі солай, баршылықта күн кешер!
Түсіңе сенің Анамыз біздің енбейме?
Бұл масқара көз алдыңа келмейме?!

Қалай басып жүрсің айтшы, жер бетін,
Анашымның ұмытып сен келбетін.
Біле білсең "Жұмақты сен табарсың",
"Анашымның табанынан", тездеткін!

-Мен не дейін, Анашым мұңды, жылайды,
Терезеге қарайлап іштей бұлайды.
Мен айтым ғой, айтарымды, мен кеттім,
Өзің шешкін, миың болса бар жайды?!

Есікке қарай беттеді әпкесі-солай деп,
Барсаң жақсы болар еді ертерек.
Біле білсең жанашыр біздің  Анамыз,
"Не жасасаң алдыңа ертең сол келмек!"

-Тұра тұршы, әпке кетпе, тұра тұр,
Қай жерде еді, апамыз айтшы тезірек.
Менде барам сеніменен дәл қәзір,
Қателестім әпке кешір-мен демек!

-Кешірімді менен емес, сұра сен,
Анамыздан, бізді өсірген, баптаған.
Уақыт созбай барайық жүр, қанекей,
Анашыма, біз үшін тыным таппаған.

Осылайша келді қарттар үйіне,
Айболдың бұл жүрегіне от үйріле.
-Апа, деді қызы келіп қасына,
Ұлың келді, қарашы ұлдың күйіне!

Теріс қарап жатқан Ана үнсіз тек,
Жатқандай ол - қол, аяғы дірілдеп.
-Апа, деді,  құлағына жәйменен,
"Кешір апа, кешігіп мен келдім"-деп.

Сонда анасы, ұлына жай үн қатты,
Сағынған ұлын сөзі еріксіз жылатты.
"Жан Анашым", "апа"- деп қолын ұстайды,
Ал Анасы  ұлының қолын қыспайды.

Ақ сүтімді кешірмеймін, кешпеймін,
Сендей ұлдың бар, жоғы маған бәрібір.
-Деп Анасы терең тыныс алды да,
Жанын берді, тыныштық тауып тағы бір!

Ұлы болса жылады "әттең, әттең"- деп,
"Жан Анашым кешір мені, кешір"- деп!
Осылайша қиындық көрген Анамыз,
Ұлын көріп, жан тапсырды өкпелеп!

Асыл ана ұл-қызын күтіп жүргендей,
Терезеге телміріп қарап жүргені.
Оларменен сөйлесіп кетті Анамыз,
Көз алдына елестеп өткен күндері...


Мен бұл жайды неліктен жазып отырмын,
Осы бір жай сабақ болсын баршаға.
Бұл оқиға ойымнан кетпей қалғаны,
Осындай жай көбейген сайын, жас тама!

Оу ағайын, ойланайық ой түйіп,
Ұлдар болсын Анаға қарар мейріммен.
Қайғылатпай, мұңды етпей Ананы,
Аялайық, көтеріңкі күйімен!

Назарларыңызға рахмет!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу