Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  323


Автор: Жібек Ысқақова

"ӨСЕК"- ДЕЙТІН ІНДЕТ БАР ЕЛДІ ҚҰРТАР

"Өсек"- дейтін індет бар елді құртар...

"Өсек"- дейтін індет бар елді құртар,
Бауырмалдық, сыйластық, теңді құртар.
Көпке топырақ шашпаймын әрине мен,
Бір құмалақ-бір қарын майды құртар...

Менің жаным жаралы сезесің бе?
Жаралы жанды жаралап тағы езесің бе?!
Түсінбеймін қазіргі заман адамдарын,
Сүріне қалсаң ұшыратар кекесінге...

Құлап жатсаң миығынан күліп тұрар,
Тіреу болмай, жерге тағы алып ұрар.
Өсек десе жанын берер жандар көп-ау,
Жығылғанға жұдырық қылып тұрар...

Енді бірі отқа майды құйып қашар,
Бар өсегін жаудырып ап, тиіп қашар.
Отыз екі тістен шыққан өсек сөздер,
Отыз рулы елдің барып аузын ашар...

Біреулерді күндейміз-ау сөз етеміз,
Күнә екенін білмейміз-ау, біз не етеміз.
Ал біреулер құлап жатса аяқ асты,
Одан сайын тас атамыз құр бетер біз.

Бауырмалдық қайда қалды оу ағайын,
"Әрбір қазақ жалғызым"-қайда ағайын?!
Ерлерге де, әйелге де жұмыс па осы?
Өсек етіп жайпайтын бар маңайын...

Уайымдаймын болашаққа расын айтсам,
Ұрпақтарды ойласам күйім қашқан.
Әрбір қазақ бірін-бірі демеп жүрсе,
Болар еді-ау шіркін-ай ашық аспан?!

Ай бірақта індет өршіп тұрған заман,
Сол індеттей кей адамдар болды-ау жаман.
Карантинде, үйлерінде отырып ап,
Басқа іс жоқ, өсек айтар кейбір адам...

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу