Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  261


Автор: Жібек Ысқақова

УАҚЫТ

Уақыт шіркін зырылдайды, тұрмайды,
Өткен күндер алыстан қол бұлғайды...
Біреулердің жастық шағын ұрласа,
Біреулерге бағасыз күн сыйлайды...

Сәбилерге уақыт жарқын үн берер,
Әр күн сайын ақыл сана, сыр берер...
Қарт адамды ойландырып тағдырын,
"Өлім" деген алдан тосып үлгерер...

"Өлім"-деген жас кәріге қарамай,
Келе берді-ау жан-жағыңды аралай...
Көлік пенен әуенің көп апаты,
Жаулап жатыр кей адамды жағалай...

Өтіп жатыр уақыт шіркін осылай,
Өткен адам тарихқа үнсіз қосыла-ай...
Эх өмір-ай, бүгін барсың, ертең жоқ,
Ойлай қалсам кетем іштей шошып-ай...
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу