Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  258


Автор: Жібек Ысқақова

БІРЕУЛЕР ЖҮР

Біреулер жүр баласын тастап қоқыстарға,
Жем еткендей айдалада аң құстарға...
Енді бірі ұрып-соғар балаларын,
Бой алдырып жан түршігер қылмыстарға...

Жігіттер жүр, боянатын арулардай,
Сырға тағып, таранып, бұрым жалғай...
Ал қыздар ше, ішімдікті құмарлатып,
Түнгі клуб, қыдыруға қалмас бармай...

Аталардың аузынан дана кеткен,
Әкелердің жағасынан пана кеткен.
Аналар ше, мейрімдіктен жұрдай қәзір,
Сәл нәрсеге айғайласып, алар беттен...

Топырақты шашпаймын барлығына,
Келмеймін қарсы Аллахтың жарлығына...
Бірақ осы, жаңалықтар шығатұғын,
Мұңаямын сан-мың адам тағдырына...

Көрсе қызар, жаман жақа ұмтыламыз,
Жаман жақтың жаңалығын қылып аңыз,
Теріс жолды қабылдаймыз айнытпай тек,
Оңды жолды көрмейміз, тығыламыз...

Ойлай қалсам жан дүнием кетер мұздап,
Ет жүрегім елжіреп, кетер сыздап...
Оу қазағым, мейрімдікпен үн қатайық,
Жайнасыншы тамыр жайып біздің гүл бақ...
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу