Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  329


Автор: Жібек Ысқақова

БИЛІККЕ АЙТАР ДАТЫМ БАР

Билікке айтар датым бар

Билікке айтар датым бар,
Өтініп жазар-хатым бар.
Өлеңмен өрнек өретін,
"Қазақ"-деген атым бар.
"Зейнет ақы" жайлы айтсам,
Барма екен адам жақындар.
Бас кеспек болса, тіл кеспес,
Айтуға менің қақым бар.

Ластанған мына қоғамда.,
Ауасы нашар заманда.
Денсаулық дұрыс болмай тұр,
Бұзылған мына ғаламда.
Зейнет жасын ұзартып,
Бұл билік көрді қазарма?
Аналарға алпыс үш,
Көңілдің күйі тозар ма?
Алпысқа дейін Аналар,
Жұмыс жасап азарма?
Алпыс үшке жеткенше,
Аяқтан шіріп, тозар ма?

Зейнеткерлікке жеткенде,
Жастықтың күйі өткенде,
Еңбекпен гүл еккенде,
Бұл тағдыр зейнет жазарма?
Көңілдің күйі сарғайып,
Денсаулық күйі ортайып,
Арықтап, жүдеп, қалқайып,
Бара да алмас базарға!
Ауырып, қызық көрмей еш,
Әр ісі болмай, өнбей еш,
Зейнетке дейін болып кеш,
Өмірден олар озар ма?!

Бұл жайлы билік не дейді?
Халықтың күйін көрмейді.
Өздерінің сөздерін,
Қашанда, әркез жөн дейді.
Қабылданған заң солай,
Амалың жоқ, көн дейді...

Сондада айтар датым бар,
Зейнет жас болсын - елу бес.
Аналар жүрсін марқайып,
Ертеңгі күні болмай кеш.
Жұмысты берсін жастарға,
Жаңашылдық бастарға.
Аналар алсын зейнетін,
Қыдырып, шығып асқарға.
Немересін қуантсын,
Қыдырып бірге бақтарға.
Аналар болсын бақытты,
Отырып алтын тақтарға.
Аналар болса бақытты,
Жүреміз бізде бақ таба!

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу