Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  456


Автор: Жібек Ысқақова

ЕЙ АДАМЗАТ

Ей адамзат

Ей адамзат, ақшаға бұлай құнықпа,
Арсыздықты, шығармай еш, құлыпта.
Адалдықты, сыйластықты тұмар қып,
Иман жолын алға қойып, құрықта!

Ей адамзат, Алла алдында пендеміз,
Бұл өмірге адам болып енгеміз.
Саналымыз, ойымыз бар өзіндік,
Бірақ, әттең, тәрбиеден кемдеміз.

Ей адамзат, біреуге жағып, мақтама,
Сыртынан кеп, өсектеме, даттама.
Өмір деген бумеранг білсеңіз,
Қайта айналып сізге келер ақ, қара!
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу