Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  1689


Автор: Асаба (тамада)

БЕСІК ТОЙЫ

Басталыпты өмірдің көші, міне,


Бөлейікші бөбекті бесігіне.


Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,


Жігіт болсын лайықты есіміне.


Уілдейді бесікте шіркін, үміт,


Бола алмайды бесіктой бұл күн ұмыт.


Тәлімінен қазақтың өнеге алып,


Мендебі мен өссінші ғұрпын ұғып.


Көзін салсын бесіктен бұл ғаламға,


Биіктер көп кос қанат талмағанға.


Түзу өссін тал бойы, ұйқы қанып,


Шаршамасын ғаламды шарлағанда.


Бабасының бесік бұл тері сінген,


Қазақ болсын бесікке белі тиген.


Ақ бесікті анасы тербетеді,


Болып өссін азамат елі сүйген.


Оң колыңмен бесікті тербет, келін,


Әлдимен сездір өмір өрнектерін.


Дариды екен бесіктен құт-береке,


Тілейік саналы ұлан ер жеткенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу