Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  27


Автор: Асаба (тамада)

МЕКТЕП БІТІРГЕНГЕ

Ат жылан тартып мін, інім,


Білімнің ұстап құрығын.


Жарқырай түсер ұлы күн,


Сыйласаң жүрек жылуын.


“Он үште отау иесі”,


Жиырма бес десе жөн бөлек.


Үлесіңді қос тиесі,


Ерінбе, ізден, еңбек ет.


Компьютер сенің ғасырың,


Ғылымның жеткін шегіне.


Ақтарғын ойдың асылын,


Ұмтылып ғарыш көгіне.


Намысын кекке қайраған,


Найзағай сынды бол батыр.


Көз тіккен саған айналаң,


Алдыңда асу жол жатыр.


Қанатын қағар жыл жылдам,


Келеді ертең жаңа ұрпақ.


Аумай бір тұрсаң жұлдыздан,


Қарайды жұртың таңырқап.


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы