07.06.2021
  223


Автор: Асаба (тамада)

ҚАРЫНДАС ТУҒАН КҮНІН құтты болсын

Ару қыз!
Уылжыған алмадайын,
Қызыл гүл,
Аппақ тілек бар маңайың.
Құлаш ұр арманыңның асқарына,
Құс болып алтын қанат самға дәйім.
Көркіңе таңдай қағып, көл дір еткен,
Отырсың көгілдірдей мөлдіреп сен.
Лебізің жүректерді елжіреткен.
Сәбидей, көңілі пәк, бір арусың,
Желкенің жүректердің желбіреткен.
Сыпайы сүйіндірген қылықтырың,
Гүл бағын махабаттың ұмытпағын.
Жасыңа жас қосылсын, жүзің жайнап,
Алдыңнан ата берсін күліп таңың.
Күл, жайна!
Білмей өткін мұңаюды,
Шашу ет жүректегі шуағыңды.
Жүрейік бақытыңа куә болып,
Шалқыған шаттық жусын шырайыңды.
Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
Қарындас, құтты болсын туған күнің!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу