Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  105


Автор: Асаба (тамада)

НАУРЫЗБЕН ШЕШЕК АТСЫН

Көл-көсір наурыздың берекесі,


Көктем кеп көтерілді ел еңсесі.


Қазақтың кең даласы шырайланып,


Дүбірлі тойға ұласты кең өлкесі.


Жасантып көк құрақпен жер желеңін,


Көктем кеп құрып жатыр көрмелерін.


Көкпеңбек сұлулыққа көзім тоймай,


Ән-күйдің құшағында тербелемін.


Қарттар, мәз шығып қырға, күншуаққа,


Қыз- жігіт асығады жыршы баққа.


Көктемім тойын бастап наурыздың,


Шақырды ізгілікке, ынтымаққа.


Ұлыстың қадам басып ұлы күні,


Үйдің де көктей жаздап тұр уығы.


Көңіл де наурызбен шешек атсын,


Жүректің сарқылмасын жылылығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу