Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  651


Автор: Асаба (тамада)

ҚОНЫС ТОЙЫ

Өрісің кеңіп үй болдың,


Ие боп жаңа пәтерге.


Құлпырып тұр ғой көңілің,


Жуылғандай ақ нөсерге.


Шаттана ұстап кілтіңді,


Шалқайдың, досым, шат күліп.


Ұмыт боп күндер былтырғы,


Жұлдыз боп жанды тәтті үміт.


Көңілінде күй күмбірі,


Жарың да жайраң қағадай.


Түзелер енді тірлігің,


Қуанттың бала-шағаны.


Баспана болмай күй де жоқ,


Қажытар кісі есігі.


Дос-жаран тұрсын үйге кеп,


Тербетіп шаттық бесігін.


Көңілін тапқын көршінің,


Туыстай болар жұптассаң.


Қанатты қаққын серпіліп,


Еркің бар енді бассаң.


Өркендей берсін өренің,


Естіліп “іңгә” – әсем үн.


Кеңісін керегелерің,


Құт әкеп жаңа пәтерің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу