Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  57


Автор: Асаба (тамада)

ДАСТАРХАН БАСЫНА ШАҚЬІРУ

Асып -тасып қуанышы, жер-көктің,


Шаршы топты шат сезіммен тербеттім.


Баршаңызды дастарханға шақырам,


Ағайындар, қане, төрге төрлеткін.


Ақ ту қадап армандарға алдағы,


Қос көгершін көкке бүгін самғады.


Отау тікті қол ұстасып екі жас,


Орындалып ата-ананың арманы.


Өмір алда,


өткелдерден өтер көп,


ата-ана мәз, бір баласы екеу боп.


Құда-жекжат,


Туыс-туған жиналды,


Шаттық ортақ, осы тойда бөтен жоқ.


Берік болсын босағасы жастардың,


Ассын биік асуынан асқардың.


Жас жұбайлар тойың-тойға ұласып,


Отау болсын өнегелі қос балғын.


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы