Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  479


Автор: Асаба (тамада)

ҚҰДАЛАРҒА АНА ТІЛЕГІ

Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,


Пенденің жетсем деген талабы көп.


Қадамың құтты болсын, құда- жекжат,


Отырмын мен де,


Сен де балалы боп.


Үмітпен ұлда өсірдік,


Қыз да өсірдік, құдалықтың міндетін ұқ.


Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,


Жайласын жас отаудың іргесін құт.


Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,


Қуаныш ортақ сізге,


Көңіл көтер!


Құдалар бір-бірімен тату болса,


Екі жас мұратына сонда жетер.


Болғанмен ұл менікі,


Қыз сенікі,


Екеуін тең көреді білген кісі.


Жатырмыз төсті төске түйістіріп,


Сыйластық – Құдалықтың бір белгісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу