Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  550


Автор: Асаба (тамада)

ТАҒЫ ДА КЕЛІНГЕ ТІЛЕК

Бөтен жан жоқ бұл жерде,


Қызады думан дүркіреп.


Айтылар үйленгендерге


Айшықты бата, нұр тілек.


Сызылған жібек мінезі,


Көңілін жұрттың ырза ғып.


Табысып тәтті тілегі,


Бақыттан жүзі тұр жанып.


Құтты болсын қадамы,


Ағайынның бәрі мәз.


Ашық екен ажары,


Жайма-шуақ, жаны -жаз.


Періштедей қыз екен,


Құдай берген пейілге.


Тілекке жетік тілеген,


Нұр жаусын аппақ келінге.


Жан екен өзі түсі игі,


Айналдым бапанымнан.


Аялап бақыт құсыңды,


Түсірме алақаныңнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу