Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  850


Автор: Асаба (тамада)

СҰЛУ ҚЫЗҒА ТІЛЕК

Тосылам айтуға тіл жетпей,


Түр сезім ақылға билетпей.


Тұңғиық ойларға батырдың,


Ұлылар қалдырған суреттей.


Сұлулық алдында бас ұрдым,


Келмейді сырымды жасырғым.


Мендегі оятар шабытты,


Муза ғой әр талы шашыңның.


Сезімге мендегі тіл бітті,


Түлеттің, гүл еттің тірлікті.


Көздерім-елшісі жүректің,


Сасыра алмайтын шындықты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу