Өлеңдер ✍️

  07.06.2021
  231


Автор: Асаба (тамада)

ЖАР ЖАНАРЫ

Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,


Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.


Егер де сен болмасаң, көкте күнмен


Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!


Жаратқан ұл да берді, қыз да берді,


Түсіме ене алмайды кыздар енді.


Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,


Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.


Уық қостың сен менің уығыма,


Жылнамын жаныңның жылуына.


Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,


Өбектеп менің ыстық- суығыма.


Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,


Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.


Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,


Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.


Аяулым, жаулап алған ер жүрегін,


Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.


Бар бақытым бір менің басымдағы


Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу