05.06.2021
  212


Автор: Гүлтас Құрманбай

«Айрылмастай досыңа қайырылмастай сөз айтпа»


 


«Қайырылмастай сөз» деген –ауыр сөз. Жүректі жаралайтын сөз. Достық дегенді мінсіздікпен шатастыруға болмайды. Адам – пенде. Пенденің әрекетінің дұрысы да, кей-кейде бұрысы да бола береді. Досыңа өз басың өте адал бол. Ал дұшпандықпен біреулер араларыңызға сына қақса, ауыр сөз айтпас бұрын, ойланыңыз. Уақыт – емші. Өзіңізді сабырға шақырыңыз. Мінсіз адам болмайтынын ойлап, достық қарым-қатынасыңызды сақтап қалуға тырысыңыз.


 


Сұрақтар мен тапсырмалар:



  • Түсінуге қиын сөздер болса, сөздіктен қараңыз.

  • Дос туралы монологыңызда жоғарыдағы мақалды қолданып сөйлеңіз.

  • Достық туралы, дос, жолдас туралы өз қанатты сөздеріңді жазыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу