05.06.2021
  280


Автор: Гүлтас Құрманбай

«Тозбасты ұста соқпайды, Өлместі Құдай жаратпайды»


Өмірдің өтпелі екенін ұқтыратын осындай қанатты сөздерді ата- бабаларымыз ежелден-ақ білетін болған. Сөзбен қайғылыны тоқтатып, басу айтқан, жұбатқан. Ал біздің халық қашаннан да сөзге тоқтаған. Сондықтан да бір жағдай болғанда, қимас заттыңды жоғалтып, сындырып алғанда қатты ренжімеу керек. Зат болған соң ол сынады, тозады. Ал қайғы келгенде де қарсы тұра білу керек. Абайдың сөзі бар емес пе: «Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме, қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме» деген.


 


Сұрақтар мен тапсырмалар:



  • Осы мақалды қандай жағдайда айтады деп ойлайсыз?

  • Мақалдың философиялық мәні туралы диалог құрастырыңыз.

  • Өзіңіздің қанатты сөзіңізді жазыңыз. Жағдаятты досыңызбен бірге құрыңыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу