05.06.2021
  167


Автор: Маржан Әлімұхамед

8-Наурызға құтықтау

Көктем келді наурыз айы шуақты,
Қарлар еріп сай-саладан су ақты.
Мейрамға толы қасиетті бұл айға
Шабыттанып жыр шаштым.

Таңы атты қуаныштың ерекше,
Тағы да бір жыр арнайын енеме.
Аяулы ана әпке-сіңіл, жеңгелер
Құтты болсын бәрімізге мереке.

Менің апам сондай сұлу өзгеше,
Көп ішінен тез түседі көзге де.
Тойласа елдер жылда бір-ақ рет,
Сіздің барыңыз бізге күнде мереке.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу