03.06.2021
  857


Автор: Жібек Ысқақова

ЖАСА, ЖАСА ҚАЗАҒЫМНЫҢ ЖІГІТТЕРІ

Жаса, жаса қазағымның жігіттері!

Ел қорғаны қазағымның жігіттері,
Еліміздің, жеріміздің үміттері.
Әр салада қызметін жасап жүрген,
Жасай берші қазағымның жігіттері!

Жасай берші қазағымның жігіттері,
Батылдықтың жалауын желбіретіп.
Елімізді, жерімізді қорғап сіздер,
Әр жүректі лүпілдетіп, тебірентіп!

Жасай берші қазағымның жігіттері,
Желбіретіп көгімде көк байрақты.
Батылдықпен тәнті етші оу жігіттер,
Таң қалдырып, қуантып бар аймақты!

Жасай берші қазағымның жігіттері,
Көздеріңде қайғы-мұң байқалмасын.
Сіздер елдің болашағы, үміттері,
Жасаңыздар,бастарыңнан бақ таймасын!

Бірі әскер, отанды қорғаушылар,
Тыныштығын еліміздің барлаушылар.
Құтты болсын мереке келіп жеткен,
Баршаңызға отанды қорғаушылар!

Енді бірі дәрігер емдеп жазар,
Ұстаздар бар білімнің кенін қазар.
Ұшқыш, шахтёр, мантёрлар тағы да бар,
Қарап тұрсақ бірінен-бірі озар...

Әкелер бар Асқар таудай дем беретін,
Ағалар бар ән мен жырдай тербелетін.
Әрқашанда біздер үшін алаң болар,
Інілер бар жанымызға ем беретін...

Құтты болсын бұл мереке келіп жеткен,
Баршамызға қуат беріп, көңілді еткен.
Аман болсын отанды қорғаушылар,
Көк туымды көк аспанда желбіреткен.

Аман болсын Ата, Әке, бауырларым,
Әр сөздері жүректерді елжіреткен...
Сіздер барда қазақтығым өлмейді еш,
Әр жүректің түкпірінен орын тепкен...

Сіздер барда бар қиындық бізден қашар,
Сіздер барда көңілімізді шаттық басар.
Қуанышты сәттеріміз көптеп болып,
Қазақ елі жанданып, мәңгі жасар...

Жаса, жаса қазағымның жігіттері,
Жаса, жаса Қазақстан, қазақ елі!
Ынтымақ пен бірлігіміз жойылмасын,
Қазағымның жанданып азат жері!
Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Алтын А.
Алтын А. 05.06.2021 06:35
Тамаша! Рухты көтеретін мықты туынды. Жазарың таусылмасын.

Пікір жазу