Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  243


Автор: Жібек Ысқақова

ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

??ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ??

Бабалардың жанымен келген  -  Жеңіс!

Жеңіс күні еске түсер сол күндер,
Талай жанның жанарынан жас тамып.
Бұл күндері мұңаямыз үн қатып,
Небір қанды ұрыстарды еске алып.

Отан үшін жанын берген  соғыста,
Қару алған қолына қайран бабам.
Бас имеген жауларына именбеген,
Өздеріңдей батырларды қайдан табам?!

Бауыржандай Момышұлы атам бар,
Тайсалмайтын нағыз батыр атанған.
Әр жеңісін ұштастырып қазақпен,
Әрбір сөзі бастау алған отаннан.

Әлия мен Мәншүк жайлы сөз бөлек,
Бұл қыздардың батырлығы өзгерек.
Өз еркімен аттанып қанды майданға,
Ерлікпенен өлім құшты ертерек...

Ұл-қызың да соғыста қарап жатпады,
Батырлық пен жігерлікті сақтады.
Отан үшін, елі үшін шайқасып,
Сенім артқан  ел үмітін ақтады...

Өлім дейтін тажалмен келіп бетпе-бет,
Оққа тосты кеуделерін берілмей.
Ұрандатты алға қойып мақсатын,
"Қайтамыз" деп, "бұл соғыстан жеңілмей!"

Батырлықпен тайсалмай жанын берген,
Аталарға мың тағзым біздің елден.
Нәзік жанды арулар гүл жайнаған,
Апаларға мың тағзым соғысқа ерген.

Батырлардың рухтарына бас иеміз,
Жеңіс күнін біздерге алып келген.
Регстаққа ту тігіп Қошқарбаев,
Қазағымның жұлдызын жағып берген.

Соғыс көрген ардагерлер бар бізде,
Қатарлары азайып бара жатыр.
Таяқтарын сүйеу қылып еске алады,
Болғандай деп сол жылдары заман ақыр.

Жеңіс күні еске алулар, ән шырқалсын,
Алла бізді молшылықтан құр қылмасын.
Бабалардың  жанымен келген жеңіс,
Бұл жеңістің  ақ жолы құртылмасын!

Еске аламыз батырларды ұмытпаймыз,
Өлеңдетіп, есімдерін ұлықтаймыз.
Тілек тілеп Алладан, "соғыс" сөзін,
"Енді соғыс болмасын" деп құлыптаймыз!

Қара бұлттар үйрілмесін басымызға,
Алла қуат беріп ішер асымызға.
Тура жолдан адаспайтын ақыл берсін,
Үлкені бар кішісі, жасымызға!

"Қанды шайқас енді мүлде болмасын"деп,
Біз жүреміз іштей  ғана тілек тілеп.
Қазақ елін, қазақ жерін әрқашанда,
Бабалардың әруақтары қолдасын деп.

Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу