03.06.2021
  209


Автор: Жібек Ысқақова

ӨМІР ӨЗІ БІР ТҰТАМ (Болған оқиға желісімен)


Өмірдің өзі бір тұтам

Ия, расыменде кейбір болып жатқан жайларды көріп, өмірдің өзі бір тұтам екенін сезінеді екенсің...

Аллаберген бір үйдің жалғыз ұлы, әкесінің көз қуанышы, анасының жұбанышы болып ер жетіп қалған жігіт болатын. Кішкентайынан айтқан тілді алатын, басқаның көңілін табатын, әрқашанда күлім қағатын-Аллаберген өз ортасында сыйлы, жүрегі таза, досқа адал жан болып өседі. Сыныптас достарын өзінің бауырындай көріп, қиын сәтте қол ұшын беретін, қарап тұрмайтын-ды. Әкесі мен Анасын қатты жақсы көріп, мақтан тұтатын Аллаберген туған-туыс, бауырларына жақын болып, олардың қамын әрдайым ойлап жүретін. Бір сөзбен айтқанда атына заты сай жігіт досқа адал, бауырмал болып  өседі. Мектеп қабырғасында да тәртіпті, тәрбиелі қалпынан танбай, озат оқушылар қатарында білім алады. Тоғызыншы сыныпты бітірген Аллаберген қалаға барып компютерлік мамандығын толықтай меңгеретін коллеждге түсіп, озат оқуына байланысты степендиясында алып жүретін. Аллабергеннің ауылы қалаға жақын болғандықтан, ол өзінің үйінен қатынап оқи беретін. Сонымен қатар Аллаберген ауылдағы сыныптас достарында ұмытқан емес. Достықты жоғары бағалайтын Аллаберген өз достарына құдайындай сенетін. Ия, расыменде барлық достары бірдей жанашыр, адал болуы мүмкін емес екен. Осы орайда "бір досым бар алыс кетсем сағынатын, бір досым бар, мен мұңайсам қамығатын. Енді бірі сыртымнан пышақ ұрып, сатқындықтың жолынан табылатын"-деп ойымды жалғасам барлық достардың бірдей болмайтынына көзіміз жетердей кей достардың бейнесі көз алдымызға келері анық. Ия, бұл өмір ғой, ащысы мен тұщысы қатар жүретін. Аллаберген болса әр досын өз бауырындай көріп, жанына жақын тартатын. Күндердің бір күнінде тай құлындай тебісіп өскен ауылындағы достарының қолынан қапияда қаза табатынын Аллаберген сезбеген де еді. Оқиғаны басынан бастап өрбітер болсам, Аллаберген күнделікті әдетімен қараңғы түнде достарымен бірге ауыл шетіне шықты. Әр нәрсеге бір тоқталып достар арасында ойнап-күлетін Аллаберген осы бір түні ерекшеленіп көзге түседі. Яғни өзін бір бақытты сезініп, достарының алдында жүзі жалындап жарқыраған жұлдыздай жарқырай түседі. Ия сол қасында жүрген достарының бәрі де адал бола бермейді ғой, ішінен көре алмай жүрген достары да баршылық екен. Аллаберген сұлу әрі тартымды жігіт болатын, бір көрген адамды өзіне баурап алатын. Көбіне ауылдағы достары осыны көре алмайтын-ды. Отырыстарда жаңадан қыз келсе де осы Аллабергенге ғашық болмай кетпейтін. Айтпағым, сол бір қаралы түнде іштеріне ашу, ыза, кек жинаған достары, тентек судың әсері ме Аллабергеннің ту сыртынан жұмыр таспен ұрып, есінен тандырады. Мүмкін олар осылай өлтіріп аламыз деп ойламаған да болар, бірақ қарақұстан тиген жұмыр тас Аллабергенді естен тандырып, достарының есін шығарады. Қатты қорқып; есі шыққан достары Аллабергенді артизанға қарай сүйрелей бастайды, бар ойлары сумен жуындырып, есін жидырып алу еді. Бірақ Аллаберген есін оңайлықпен жия қоймайды. Осылай бір, бір жарым сағат уақыттарын өткізген Аллабергеннің достары Аллабергенді ауыруханаға өлім мен өмір арасындағы халде жеткізіп, өздері қашып кетеді. Ол сәт түннің бір жарымы болатын-ды. Аллабергеннің анасы үйінде, баласын күтіп, әрі, бері дөңбекшіп ұйықтай алмай жатқан еді, кенеттен ұялы телефоны шырылдайды:
-Алло, бұл кім дей бергенде:
-"Алло, сіз "Аллаберген"- деген жас жігіттің анасы боласыз ба?"- дейді телефонның ар жағынан бір дауыс.
-Ия, мен Анасымын, әкесі вахтыда, жұмыста-дейді қорқып кеткен Анасы. "Сіз кім боласыз"- деп сұрай  бергенде әлгі дауыс:
-мен қалалық ауруханадан қоңырау шалып тұрмын. Сіздің ұлыңыз біздің ауруханаға ес түссіз түсті тезірек келіңіз"-деп телефонды қоя салады. Аяқ асты не болғанын түсінбей қалған Аллабергеннің Анасы естен танардай болып, апыл-ғұпыл жиналып жолға шыққанмен  ауруханаға қалай барарында білмей абдырап қалады. Достарына қоңырау шалып, бір досының көлігімен ауруханаға жеткен Анасы ұлын көре салып есінен танып, ес түссіз күйге түседі. Есін жиған Анасы бұл көріп жатқан түсім болсыншы деп тілегенмен, олай болмады. Жүрегі тоқтап қалардай күйде болған Ана байғұс ұлын құшақтап жылай берді, жылай берді. Өмір мен өлім арасында жатқан Аллабергеннің көздерінен  Анасының дауысын естігендей еріксіз жас аққандай болды...ал Әкесі ше, вахталық жұмысын тастап, ести сала жолға шығады. Ол ауруханаға жеткенше жеңіл-желпі төбелес шығар деп ойлап келген еді, ұлының ес түссіз халін көріп төбесінен біреу мұздай су құйғандай абдырап тұрып қалды. Әкесі мен Анасын, жақындарын жылатып, мұңайтқан, уайымдатқан Аллаберген ауруханада  он екі күндей жатып, сол күйі есін жимастан келместің кемесіне жайғасып кете барды.  Әкесі мен Анасын жылатып, есенгіретіп бұл фаниден өткен кезде бар айнала күңіреніп, Аллабергенді жоқтағандай көңілсіз дауыстар естіліп жатқандай болды. Ойнақтап жүріп абайсызда от басқан Аллаберген достары оқиғаның қалай болғанын айтып беруден бас тартып, жазаларын өтемек түгілі, өздерін кінәлі сезінбей, араларынан он сегізге толмаған бір баланы кінәлі етіп, онда да, бұл "жазатайым оқиға болды"-деп өздерін ақтап алды.  Аллабергеннің әке-шешесі қанша рет аяқтан тозып әділдік іздегенмен ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Шыр-пыр болып, жалғыз баласының  қайғысына шыдай алмай ет жүректері езілген Аллабергеннің ата-анасы іштен тынып, баласын ойлап, сағынышын баса алмай, көздеріне еріксіз жас ала беретін. Ия, тас түскен жеріне ауыр демекші, Аллабергеннің аяқ асты қазасы ата-анасын есенгіретіп жібергені рас. Себебі, дәм-тұзының таусылуы бір Алладан келсе онда кішкене болса да жүректері ауырмас па еді кім білсін, сол достарының қолынан қаза тапқаны сай сүйектерін сырқыратып жіберді.  Бұл істі заң орындағылар жапқан күннің өзінде бір Алла көріп тұр ғой, әділдігін орнатар-деп,  Аллабергеннің ата-анасы үнсіз іштен тынып қала берді...

Баласын жоқтап ата-анасы қайғырады,
Достарының қатысы бар, бар күмәні.
Сол бір түні шықпаса егер достарымен,
Жүруші еді-ау ойнап-күліп, шалқып әлі.
Шіркін-ай сол қаралы түн болмаса егер,
Ата-анаға жоғалмас ед(і) өмір мәні.
Бір кем дүние жанымызды мұңды ететін,
Бір кем дүние-ай, жігерлерді құмды ететін.
Әттең-әттең деумен күнді өткізер бұл,
Осындай жай жарық күнді түн ететін....

Ия, бұл жазғаным күнделікті орын алып жатқан жайлардың бір бөлігі ғана. Өкінішке орай мұндай жайлар өте көп орын алып отырғаны рас. Көлікті шарап ішіп жүргізіп, қаншама адамның өмірін қиып жатқан жандар қаншама десеңізші. Сол жол ережесін бұзған қаншама адамдар ақшасын беріп құтылып кетіп жатады. Күнделікті көз алдымыздағы болып жатқан дүниелер ғой. Тек айтарым, өз өмірімізбен қоса басқаның өмірін де сақтай білейік, себебі, өмір бір ақ рет беріледі, сол өмірді ешкімнің табасына қалмай, адалдықта өмір сүріп, бағалай білейік дегім келеді...

Ғажайып Қазақстан-2050 жұрналының меншікті тілшісі: Жібек Искакова. Түркістан қаласы.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу