03.06.2021
  446


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Рамкаға симайтын ойлар№2

Бисмилләәһир Раһмәәнир Раһиим.


Адам өзін қашан артық жақсы көре бастайды, сол кезде бұзыла бастайды.


***


Адам адамнан мына үш нәрсе арқылы озады. Әуелде адамға Алла Тағала сыйлаған туа біткен дарын, талант, ерекше қасиет. Екінші орта тәрбиесі, отбасы (әке-шеше, телевизор, интернет) балабақша, мектеп (достары, мүғалім) қоғам тәрбиесі. Үшінші адамның субъектив жеке тырысшаңдығы, кітап құмарлығы, ізденімпаздығы.


***


Адам шыр етіп өмір базарына келеді. Адамның бәрі тал бесіктен табытқа дейін базардағы саудагер іспетті. Біз кез-келген жұмыс жасасақ соның ақысын дәметеміз. Барлық ісімізден қайтым күтеміз, бұл адам табиғаты. Бүгінгі таңда амандасудың өзін де есеппен жасайтын болдық, міне нағыз сауда алаңы. Осылай өмір базарында бәріміз сауда жасап жүреміз.


***


Сөздің жаны бар, әр сөзі аузға Алла салады. Баршамыз сөзің қадірін түсінуді жазсын.


***


Адам тәніндегі ауруды доқтыр емдесе, жанындағы ауруды жақсы сөз емдейді.


***


Әдебиет ардың ісі дейміз де, арсыздықты жырлаймыз. Біздің әдебиеттен зинаның исі әлі аңқып тұр…


***


Зина кез-келген қоғамды өте тез аздырып-тоздырып, ұлттық құндылықтарын, отбасы ордасын, отанның іргесін сөгіп кететін сұмдық қылмыстарға жетелеп кетеді, Алла сақтасын.


***


«Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп, Абай Алланы тануға үндеді. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі» сондағана бар күнадан пәктеніп, «толық адам» боласың дейді. 


***


Алаш көсемдері рухани сұраныстарға жауап іздеген данышпандар, олар материялдық қажеттен жоғары тұрған заңғарлар. Сосын да жердегі ит өмірден биік тұрып елдің, алаштың қамын жеді, тек бір Алланың ризалығы үшін тірлік жасап, жүректері лүпілдеп соқты...


***


Лиаһи ілімдер әуелі адамның рухына сіңеді, сосын барып ол өн бойында көрініс береді. Қазақтың исламы осылай болатын, кейін өкінішке орай әлсіреді. Аузында қанша жерден ілімі болып, іс-әрекетінде имандылық, мәдениеттілік, әдеп, ар-ұят, намыс, жауапкершілік т.б құндылықтар болмаса, оны кім дейміз?


***


Абай атамыздың №12, №13, №16, №27, №28, №34, №35, №38, №45-ші қара сөзінің барлығы оның намазда терең ойға шомып, Аллаға жақын болғанының  айғағы. Ал №7, №17,№19, №25, №31, №32, №43-ші қара сөздерінде жас ұрпақты, жалпы қазақты ғылым-білімге шақырады, соның жолын үйретеді. Қалған 30 сөзінің барлығы дерлік, қазақ психологиясы мен қоғамындағы кемшіліктерді саралай талдайды және оны шешудің жолын исламдық құндылықтарды “тез” етіп соған салып түзеуге шақырады.


***


Асан қайғы желмаясымен жеті түнде де тоқтамай қазақ үшін «жер ұйық» іздесе, Абай қазақ үшін қолынан қаламын еш тастамай, күндіз-түн ой үстінде толғатып «ұлт бақытын» іздеуден еш шаршамаған, өз қиялындағы кемел қазақты аңсаған аңыз тұлға.


***


Абай аңсаған «толық адамдары» Алаш көсемдері болды.


***


Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.


***


Бүгінгі Ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ.


***


Егемендік алған 30 жылдан бері қазақтар өзідерін - өздері табала алмай  іздеумен келеді.


***


Дін мен ғылымды тең меңгерген мұхит тәрізді адамдар болады, оларды көргенде тереңіне сүңгігің келеді, ал шалшық судай таяз адамдар да болады, олар үстімді былғап кетпесе екен деп, қашасың.


***


Жартаушы: сені жоқтан бар етіп жараттым да Мен жасырындым, сен енді ізгі амалыңмен бойыңнан Мені көрсет!


***


Тағаны тақуалық болған байлық қандай салтанатты.


***


Елдік сана бүгінген, ертеңгі болашаққа қатты керек.


***


Ел болам десең иманыңды мықты ұстап, рухыңды тікте!


***


Балаңа барыңды салып иманды үйрет. Бірінші парыз осы.


***


Есеппен амандасқан қулардан алыс жүр.


***


Аяғыңның астындағы жерден сабыр мен салмақтылықты үйрен.


Көк аспаннан кеңдік пен биіктікті үйрен.


***


Кезіндегі он бала бір бесікпен өссе, бүгінде бір балада он бесік бар, осылай керек емес көп затты үйге үйіп, өмірдің жүгін өзіміз қолдан қиындатып, шаршап жүрміз.


***


Ақыл сіздің құралыңыз, оны пайдалы жаққа істесең жақсы, жаман жаққа істетсең одан асқан хауп жоқ.


***


Көзіміз жаман нәрсеге қараудан тиылмаса, жан түзелмейді, жан түзелмесе малдан не айырмамыз бар.


***


Жеп жүргеніңе көп көңіл бөл. Не жесең соған айналасың.


***


Не істесең де өзіңе, не бағыңа, не  сорыңа.


***


Жанбағыс тірлігі Аллаға жақындатын амал болғандар қандай бақытты.


***


Көшеде тұрған комерадан қорқамыз, Алладан қорықпаймыз.


***


Адам магнит өрісінен тұрады. Жақсы адам жақсы толқын таратса, жаман адамжаман толқын таратады.


***


Күйеуін силамаған әйел, әке-шешесін силамаған ұл мен қыз, ұстазын силамаған шәкірт бақытсыз.


***


Тіл деген ауызда тұрған улы жылан.


***


Намаз ол сені екі дүниеде қорғайтын сауыт.


***


Отанды сүю үшін білім керек.


***


Адам дәрежесі туралы Алла Тағала Құранда былай дейді: Ей, адамдар деп Алла Тағал жалпы адамзатқа ненің жақсы, ненің жаман екенін ескертеді.


Ей, ақыл иелері деп ақылы бар адамдарға ойлануға, жан-жағына ақыл көзімен қарауға, аспанға зер салуға кеңес беріп, ойланған адамға көп сабақ бар дейді. Қисадағы хикіметке үңілдіреді, пайдалы нәрсеге ишара жасайды.


Ей, иман еткендер деген қаратпа сөз арқылы өткен көп тарих пен келешек жайлардан хабар бере, күнәдан сақтандырады, жаман мінезден арылуға шақырады. Енді Ей, мұсылмандар деп тиымдар мен еске ұстайтын нәрсені айта отырып, ақыреттің егіні осы дүние екенін, тозаңдай жақсылық жасаң өзіңе, тозаңдай жамандық жасаң өзіңе деп еркіңе береді. Тағы бірде Ей, мүміндер деп толық мүміндіктің он шартын атап көрсетеді, оларды қуандрады. Ей, тақуалар деп оларға ешбір жанды сөзбен, іспен, қол-аяқпен зиян тигізбеуді айтып, адамдықтың биік шыңын нұсқайды. Ей, ғалымдар сендер Менен ең қатты қорқасыңдар, сендер жақсы білесіңдер ақ пен қараны деп хикмет сырларды солардың тілімен түсіндіреді, сондықтан да жәй адамдар Құранды толық түсіне алмауының сырыда осында жатса керек. Енді Ей, Алланың достары әулие құлдарым деп ақылға сыймас, ақыл көкжиегінен бик тұрған ғарыштық ілімнен сыр шертеді, Шексіздігін, Ұлылығын Алла Тағала көрсетеді, сондықттан да Құран қияметке дейін сыры толық ашылмайтын тылсым Қасиетті кітап.


Ей, пайғамбарларым деп тіл қатады. Пайғамбарлар Нәби және Расул деп бөлінеді. Расулға кітап не парақтар түскен. Дәрежесі ең биік Ибраһим(а.с), Муса(а.с),  Иса(а.с), Мұхаммед(с.ғ.у)пайғамбарлар туралы бөлек сөз қозғайды. Адам ақылы жетпес үлкен хикмет сырлар айтылады. Ал енді  өзіңді арасынан іздеп көр?


***


Қазақ қоғамы әліге Сталиннен қалған қағазды түгендеп бола алмай жүрміз. Бір қағазды он қағазбен растай алмайсын. Бір адам анасының құрсағына пайда болғаннан қағаз жинауды бастап, қара жердің қойнына кіріген соңда быразға дейін қағаздан құтыла алмайды, осылай бүкіл халық қағаз жинап шаршап жүреді. Бір үйдің ауыры мен жеңілін көтеретін нар азаматы отбасының қағазын жинап жүр. Сонда оның отбасы тұрмақ өзін кім бағады?!


***


Заң саласындағы қызметкерлері ұлттық этно мәдениеттен сауат ашуы керек.  Олар барлық нәрседен хабары бар, сауатты болуы керек. Сонда ғана ол қара халықты менсінбейтін, баса билеуші емес, керісінше нағыз  халық жанашырына айналады.


***


Соттар бірінші кезекте бадырайып тасқа басылған әр іліміне жүгініп, келесі кезектеғана қатал заңады іске қосу тиіс. Мораль мен заң тең тұруы керек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу