Өлеңдер ✍️

  03.06.2021
  713


Автор: Жібек Ысқақова

КӨҢІЛ ҚЫМБАТ

Көңіл қымбат

Сенім қымбат адамға өмір қымбат,
Өмір қымбат адамға көңіл қымбат.
Сыйласқанға не жетсін, ертеңгі күн,
Не болары белгісіз өмір жұмбақ.

Қазақпыз ғой, әр бір қазақ жалғызым дер,
Азақпыз ғой, өтіп жатыр сағым күндер.
Көңіл қымбат сән берер бұл өмірге,
Жоғалтпайық сол сәнді сіз бен біздер.

Керек емес билігің де, атақ даңқың,
Керек емес байлығың да, мәнсап алтын.
Адамдығың өлшенер көңілменен,
Түсінейік әр қашан мұның парқын.

Қиын сәтте білінер адамдығың,
Досқа құрмет, шынайы адалдығың.
Басыңа іс түскен де тастап қашар,
Кей жандар бар түсінбес адам құнын.

Бірі өсек айтудан тайынбайды,
Ғайбат сөзден тілдері арылмайды.
Он күнәнің тоғызы тілден деген,
Ғазиз көңіл сондықтан уайымдайды.

Көңілдердің айнасы сынбасын еш,
Сенімдерді аяқ асты қылмасын еш.
Көңіл қымбат қашан да сенім қымбат,
Көңіл қалып, артынан болмасын кеш.

           Жібек Искакова



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу