Өлеңдер ✍️

  02.06.2021
  595


Автор: Жібек Ысқақова

ТӘУЕЛСІЗДІК АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ

Тәуелсізбіз азатпыз,
Білімдіміз, озатпыз.
Қиындықты жеңетін,
Жаны жайсаң қазақпыз.

Сексен алтыншы жыл есте,
Қақаған қыстың бораны.
Өлім құшқан жастардың,
Жүрегі мәңгі соғады.

Он алтыншы желтоқсан,
Мәңгі естен шықпайды.
Желтоқсанның ызғарын,
Сезінед(і) жүрек құптайды.

Тәуелсіздік сол күні,
Азаттық алған күніміз.
Қайғырып бірде қуанып,
Шығатын біздің үніміз.

Арқасында жастардың,
Тәуелсіздікті тойлаймыз.
Жанын берген жандарға,
Бас июді қоймаймыз.

Бабалар салған ізімен,
Келеміз көктем, күзімен.
Тәуелсіз азат қазақпыз,
Нұр төгілген жүзінен.

Жаңа Астана салынып,
Бодандықтан арылып.
Қазақпыз шыққан сапарға,
Сыйлы ортадан табылып.

Көк туымыз желбіреп,
Жүрегіміз елжіреп.
Шекараны айқындап,
Алған елміз белгілеп.

Бүгінде әлем таниды,
Қазақ елін жер жерден.
Елтаңбамыз тұр әне,
Әнұранмен терберген.

Тәуелсіздікке отыз жыл,
Болыпты биыл қазағым.
Бабалар көрген қиындық,
Болмасын енді азабың.

Жүректе біздің жалын бар,
Әр қазақта дарын бар.
Желбіретіп байрақты,
Кезіміз біздің жалындар.

Тәуелсіздігіміз жасасын,
Алтын тұғырлы азаттық.
Тіліміз дамып дініміз,
Жойылмасын қазақтық.

Елбасымыз жасасын,
Тәуелсіздікке үн қосқан.
Отыз жылдығымыз жасасын,
Ақындар тербеп жыр қосқан.

Алтын тұғырымыз таймасын,
Басымызға бақ болып.
Тәуелсіздігіміз тойлансын,
Раббым Алла жақ болып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу