Өлеңдер ✍️

  02.06.2021
  291


Автор: Жібек Ысқақова

Наурыз құтты болсын қазақ елі

Наурыз келді ағайын,
Құтты болсын мерекең.
Гүл көктемдей құлпырып,
Арта берсін берекең.

Күн күлімдеп шығады,
Айналаға нұр шашып.
Ұйқысынан оянар,
Жеміс талдар гүл ашып.

Құтты болсын бұл Наурыз,
Әндетіп елді жырлаңыз,
Көрісейік күлімдеп,
Қане қарап тұрмаңыз.

Алтыбақан тебілсін,
Жас ағаштар  егілсін.
Палуандар күресіп,
Мықтыға жүлде берілсін.

Көкпары бар, қыз қуу,
Қазағыма жарасқан.
Теңге алу бар ат үсті,
Сыйластықпен тарасқан.

Жаңғырсын дәстүр-салтымыз,
Аман болып халқымыз.
Ынтымақта, бірлікте,
Арта берсін даңқымыз.

Наурыз көже ішейік,
Жиналған оу ағайын.
Жаудырайық тілекті,
Жайқалсын бар маңайың.

Ұлыстың күні оң болсын,
Денсаулығың зор болсын.
Жаңа жылда биылғы,
Айран, сүт қатық мол болсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Алтын Абеуова.
Алтын Абеуова. 03.06.2021 14:03
Керемееет өлең! Жазарың таусылмасын.

Пікір жазу