Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  225


Автор: Тұманбай Молдағалиев

Жүрек сыры

Қара көзің, қара шашың төгілген
Қара көзің не жылаған, не күлген
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен
Толғап өтті менің тұла бойымды
Бала кезден саған ғашық едім мен

Ұғу қиын кісі жанын білем мен
Қабағымнан не оқисың түнерген
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден
Білгің келсе қара менің көзіме
Мен жайында сұрамашы біреуден

Жүрегімде жоқ алдамшы бөтен ой
Алдай алсаң - сен-ақ алдап кете ғой
Тағдыры адам мойындаған секілді
Махаббатты мойындайды екен ғой
Тағдыры адам мойындаған секілді
Махаббатты мойындайды екен ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу