Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  545


Автор: Аслан Қаженов

Мұңайма мама

Мұңайма мама,қайғырма мама,
Салды ма сонша уайымға бала?
Ұмтылу деген Астана жаққа
Ұмыту емес жайында дала.

Өксіме мама,өкінбе мама,
Ол енді жігіт, жетілген жаңа.
Өз өткендерін қалдырып кетті,
Өз арманына жетуге бола.

Арыма мама,налыма мама,
(Ең болмаса,деп, сағынады ма?)
Ол біліп сонша оқимын деумен,
Кім білген сонша қағынарына?

Құлама мама,жылама мама,
Жалғызың биыл оралмағанға.
Бақыт дегенің қасыңда,сірә
Табылмай қойды мына қалада.

Егілме мама, езілме мама,
Бойыңды билет төзімге ғана.
Шаңырағына келеді түбі
Шаңырағынан безінген бала




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу