Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  4902


Автор: Аслан Қаженов

Алғаш барғанда

Қараңғы, тыныштық өңгерген,
Екеуміз мекендеген кеш.
Сен шықтың арғылау бөлмеден,
Бұл жолы киіммен емес…

Жалаңаш ақ денең көрінді,
Көзге от тамызған елес.
Еріксіз сілекей төгілді,
Бұл жолы ауыздан емес…

Сезімге өртендік сан ыстық,
Махаббат тұрыстық емес.
Екеуміз бір талай алыстық,
Бұл жолы ұрысып емес…

Басқаша біз кеттік білемін,
Басқаша жолменен дөңес.
Қаттырақ ұрғылап жібердім
Бұл жолы қолыммен емес…

Кеудеме кеудеңмен тайқыдың,
Ләзәтқа берілдік елес.
Ып-ыстық екенін байқадым,
Бұл жолы ерніңнің емес…

Қалайша көндің сен таңқалдым,
Қылығың өзіңнен егеш.
Пәктігін, пәктігін аңғардым,
Бұл жолы сөзіңнің емес!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Абдуллаев Мұхаммедәли
ПОЭЗИЯНЫҢ ТАПТАЛУЫ, немесе РУХСЫЗ ҚАЛАМГЕР АСЛАН ҚАЖЕНОВКЕ ХАТ Поэзия құнсызданып бара жатыр дәл бүгін... Ойсыз, жалаң, сорлы ақындар қанауда оның тағдырын. Құнсызданды жанның сыры... Ал рух бұған не дейді? Поэзияны сыртқа теуіп, мазақ қылу көбейді. Құнсыздықтың жалау қылып жалаң атын, лас атын, Ұятсыздықты өлең етіп, жырға бүлік қосатын- Тек қана ойлап құлқыны мен нәпсісінің масатын. «Туалеттегі туынды»-деп кітап жазды жас ақын. Талай рухшыл, өр намыстың пейіліне ұнамас- Рухты езгіге түсірудің тәсілі ме бұл оғаш? Өртке орап, тұмшалау ма поэзияның аспанын? Бұл кітапты құштарлықпен алып жатыр жас қауым. Шахановтың мына сөзі тұрақ тапты жанымда: Жаны таза оқырманым, сақта әркез жадыңда: “Қазір бізде жыр сүйетін қауым деген тіркес бар, Сонда қалай, болмақ па екен жыр сүймейтін қауым да?” Барша халық оқырманын ойландырып, тұр сынап- Әлі күнге өз жауабын таба алмады бұл сұрақ. Сол “ұятсыз” туындыны шырақ етіп алдына, Жыр сүйетін қауымның да бұзылғаны болды ма? Мазақ еткен мәнсіз жырмен поэзиядай алыпты, Рухсыз Аслан талай бәйге жеңімпазы болыпты! Іштей ыза булықтырды, оғым жоқ боп атарға, Рухсыз ақын бас жүлдеге лайықты емес қашанда! “ТЖ” лардың жыр жолдарын нағыз жаман деп едім, Ал мыналар басып озды жағымпаздың өлеңін. Азаюда онсыз да ойлы ақындардың санаты, “Туалетті” жырға қосқан бұл не деген сорақы? Әлде Рухи ар-намыстың қайырылды ма қанаты? Жә, бұл ақын жаза алмапты жарытып та ізгі өлең, Тағы біреу (албыртқан-ау,) кітап жазды “ЖҮЗ” деген. Ол да оңып тұрғаны жоқ, алдыңғымен мәні бір, Рухсыз ақын ұлт мүддесін жырлай алмас бәрібір. Егер дұрыс жолға бастап, танытпаса өнерін, Мен оларға “қаламгерлік бағыттан кет”-дер едім! Абдуллаев Мұхаммедәли. 14 жасар ақын. 87075799415
Абдуллаев Мұхаммедәли
ПОЭЗИЯНЫҢ ТАПТАЛУЫ, немесе РУХСЫЗ ҚАЛАМГЕР АСЛАН ҚАЖЕНОВКЕ ХАТ Поэзия құнсызданып бара жатыр дәл бүгін... Ойсыз, жалаң, сорлы ақындар қанауда оның тағдырын. Құнсызданды жанның сыры... Ал рух бұған не дейді? Поэзияны сыртқа теуіп, мазақ қылу көбейді. Құнсыздықтың жалау қылып жалаң атын, лас атын, Ұятсыздықты өлең етіп, жырға бүлік қосатын- Тек қана ойлап құлқыны мен нәпсісінің масатын. «Туалеттегі туынды»-деп кітап жазды жас ақын. Талай рухшыл, өр намыстың пейіліне ұнамас- Рухты езгіге түсірудің тәсілі ме бұл оғаш? Өртке орап, тұмшалау ма поэзияның аспанын? Бұл кітапты құштарлықпен алып жатыр жас қауым. Шахановтың мына сөзі тұрақ тапты жанымда: Жаны таза оқырманым, сақта әркез жадыңда: “Қазір бізде жыр сүйетін қауым деген тіркес бар, Сонда қалай, болмақ па екен жыр сүймейтін қауым да?” Барша халық оқырманын ойландырып, тұр сынап- Әлі күнге өз жауабын таба алмады бұл сұрақ. Сол “ұятсыз” туындыны шырақ етіп алдына, Жыр сүйетін қауымның да бұзылғаны болды ма? Мазақ еткен мәнсіз жырмен поэзиядай алыпты, Рухсыз Аслан талай бәйге жеңімпазы болыпты! Іштей ыза булықтырды, оғым жоқ боп атарға, Рухсыз ақын бас жүлдеге лайықты емес қашанда! “ТЖ” лардың жыр жолдарын нағыз жаман деп едім, Ал мыналар басып озды жағымпаздың өлеңін. Азаюда онсыз да ойлы ақындардың санаты, “Туалетті” жырға қосқан бұл не деген сорақы? Әлде Рухи ар-намыстың қайырылды ма қанаты? Жә, бұл ақын жаза алмапты жарытып та ізгі өлең, Тағы біреу (албыртқан-ау,) кітап жазды “ЖҮЗ” деген. Ол да оңып тұрғаны жоқ, алдыңғымен мәні бір, Рухсыз ақын ұлт мүддесін жырлай алмас бәрібір. Егер дұрыс жолға бастап, танытпаса өнерін, Мен оларға “қаламгерлік бағыттан кет”-дер едім! 14 жасар ақын Абдуллаев Мұхаммедәли. 87075799415

Пікір жазу