31.05.2021
  446


Автор: Қадыр Мырза Әли

Арман

Азамат боп мен ертең
​Ауылымды көгертем.
​Біздің қазған канаға
​Канал болмас келер тең.
​Жерім жұмақ болады,
​Бұлт мақта боп қонады.
​Бір пұшпағы шөлейттің
​Ақ күрішке толады.

Түрі өзгеріп түзімнің,
​Жыры өзгерер күзімнің.
​Әжем менің шай ішер
​Саясында жүзімнің.
​Бақпен бөгеп желіңді,
​Жайнатамыз шөліңді.
​Өмір сүріп не керек,
​Көгертпесең еліңді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу