Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  356


Автор: Қадыр Мырза Әли

Бір иықта періште

Бір иықта періште,
Бір иықта сайтаным:
Ақиқатын, немесе,
Өтірігін айтамын.
Екеуінің жатқан жоқ біреуі де аман ғап,
Баяғыдан келеді бірін-бірі жамандап.
Кірпік ілмей өмірі бірін-бірі бағады,
Қайткенде де өзара кемшіліктер табады.
Патшалардың қайсысы күреседі ақ үшін!
Екі уәзір айтысса жақсы дейді тақ үшін.
Тақтың жөні бір басқа,
Менің жөнім бір басқа.
Арасында олардың ит боламын құр босқа.
Қоймайды екен сендірмей
Сайтан айтқан сөзіне,
Көмек керек көрінеді
Періштенің өзіне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу