Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  141


Автор: Қадыр Мырза Әли

Гәп

Ішпеймін мен қызыл сұрап,
Ақ сұрап.
Қарайды ақыл ішімдікке жатсырап.
Арақтан да,
Шараптан да
Мен үшін
Жеңгейлердің күрең шайы жақсырақ.
Мінбеймін мен көлік сұрап,
Ат сұрап.
Ер-тоқымды қалдым, сірә, жатсырап.
Менің үшін
Газиктен де,
УАЗ-дан да
Жаяу жүріп қыдырғаным жақсырақ.
Тіленбеймін мансап сұрап.
Тақ сұрап,
Мұнымда да бар-ау деймін гәп, сірә!
Патша болмай,
Король болмай,
Хан болмай,
Қатардағы жан болғаның жақсырақ!
Мен халқымнан кеткен жоқпын жатсырап
Міне, осында болса керек гәп, сірә!
Жапырақ боп күнде діріл қаққанша,
Сол ағашқа тамыр болған жақсырақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу