Өлеңдер ✍️

  31.05.2021
  145


Автор: Қадыр Мырза Әли

Милостық Венера

Кеңдігі ме өмірдің,
Тарлығы ма?!
Ойлы көзге дүние жарлы мына.
Венераны көрген жан сене алмайды
Бұдан басқа сұлудың барлығына.
Бір құдірет сен одан, сірә, көрдің,
Мойыныңды кетерде бұра бердің.
Күндіз демей,
Түн демей,
Алдында оның
Тұра бергің келеді,
Тұра бергің.
Күлем десең күле бер миығыңнан.
Сыр оқыдым көзіңнің қиығынан:
Аз болғандай көргенің,
Қарағаның,
Сипағың кеп кетеді иығынан!
Солай әлі Мысырда,
Әлі Үрімде...
Не істесе де таланттың әмірінде.
Осы жолы
Адамнан жеңілгенін
Мойындаған шығар-ау Тәңірің де!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу