Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  249


Автор: Қадыр Мырза Әли

Аңшылық

Бұл мылтық қашырғандай бір құтымды,
Аң-құсы орман, көлдің үркітілді.
Қырға мен шығар едім тұлпар мініп,
Қондырып иығыма бүркітімді.
Аңшыға қысы да өлең,
Жазы да өлең.
Жүрегін емдейді жар назыменен.
Мен өзім шығар едім
Ширатылған
Құйрығы қошқар мүйіз тазыменен.
Кетпеген күші қайтып,
Өңі ескіріп,
Шығар ем достарымды ілестіріп.
Құс емес,
Қызығымды
Қайтар жолда
Берер ем қыз-қырқынға үлестіріп.
Түбінде саябырсып сезім селі,
Қария шал болғанда,
Көзім сөніп,
Аңшының өтірігін боратар ем,
Өзімнің айтқаныма өзім сеніп,
Бұл уақыт құлан ба еді,
Бөкен бе еді! .
Бұлдырап көз алдымда өтем деді.
Мен сондай болар едім
Бола алмадым...
Жарықтық сондай еді көкем менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу