Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  152


Автор: Қадыр Мырза Әли

Тұрған кезде далам аман

Тұрған кезде далам аман,
Ел аман,
Әділдік пен ақиқатты тонаман.
Кейбіреулер сенен асқан ақын жоқ
Деді маған,
Сенген жоқпын мен оған.
Өлең жазбан іші сырқат,
Сырты аман.
Ақын барда болған емес жыр тәмам.
Кейбіреулер
Сенен сорлы ақын жоқ
Деді маған,
Сенбей қойды жұрт оған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу