Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
30.05.2021
758
Ізбасты
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді:
- Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан дұшпан жауым жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алмай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter