Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  147


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін

Қонбайды екен Бақыт атты құс тегін.
Жастық құрған жібек торға түспедім.
Мен бір сағат кем ойнадым басқадан,
Мен бір сағат артық жұмыс істедім.
Жөні басқа аңыз бенен ертектің.
Жырдың қиын сынағынан ерте өттім.
Мен бір сағат кем ұйқтадым басқадан
Мен бір сағат артығырақ тер төктім.
Жоқ өмірдің маған берген пұрсаты.
Көп нәрсені ұқтырады жыр сапы:
Сол бір сағат артық еңбек арқылы
Биік тұрсам биік тұрам бір саты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу